06.07.2025, 02:15
Жаңалықтар
Ақтауда әйел адам Каспий теңізіне батып кете жаздады
Құтқарушылар жел алып кеткен әйелді аман алып қалды
Фото: Видеодан скрин
Ақтау қаласының Каспий жағалауында Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары дер кезінде әрекет етіп, SUP тақтасында сырғанаған әйел адамды құтқарып қалды. Оқиға үгіт-насихат шарасы кезінде болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жел оны жағадан алыстатып жіберді
1984 жылы туған әйел адам SUP тақтасымен сырғанап жүрген. Алайда желдің екпіні оны жағадан алысқа алып кеткен. Құтқарушылар бұл жағдайды байқап, жедел әрекет етіп, әйелді аман алып шықты. Медициналық көмекті қажет еткен жоқ.
Құтқарушылардан қауіпсіздік ескертуі
ТЖМ азаматтарға мынадай кеңес береді:
- Балаларды судың жанында қараусыз қалдырмаңыз;
- Қайық, катамаран немесе SUP-борд қолданған кезде құтқару кеудешесін киіңіз;
- Желдің күші мен ауа райы болжамын алдын ала тексеріңіз;
- Судағы қауіпсіздік – өз қолыңызда!
Көп оқылған
21.07.2026, 15:34
Аргентина құрамасын әлем чемпионаттарынан мәңгіге шеттетуді 23 млн адам талап етті
21.07.2026, 15:46
«Әскерде командирім зорлады»: Threads-те аянышты жазба жариялап, ақша жинаған жас жігіт сотталып кетті (ВИДЕО)
21.07.2026, 17:43
«Қураған шөпті тұтатпақ болған»: Семейде алты жасар бала аулада тұрған көлікті өртеп жіберді
21.07.2026, 16:29
Атырауда қолжуғыштан жылан шықты: видео желіде қызу талқыланып жатыр
21.07.2026, 17:15
Астанада жүк көлігі жеті көлікті соғып, аударылып қалды (ВИДЕО)