Алматыда жолаушылар автобусы өртеніп кетті

Автор: Мөлдір Қазыбай

Оқиға Жәңгір хан көшесінде болды

Фото: Видеодан скрин

Алматы қаласындағы Ерменсай ықшамауданында жолаушылар автобусы өртеніп кетті. Оқиға орнынан түсірілген бейнежазба әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға Жәңгір хан көшесінде болды.

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт 11:19 шамасында Жәңгірахан көшесінде тіркелген.

«2017 жылы шыққан Isuzu маркалы, №64 бағыттағы автобус 9 шаршы метр аумақта өртенген. Өрт 11:30-да толық сөндірілді», - делінген ресми хабарламада.

Жолаушылар болмаған, зардап шеккендер жоқ

Оқиға кезінде автобуста жолаушылар болмаған. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.