Жаңа қаулы шықты
Соңғы 7 күн ішінде сырқаттанушылықтың өсу деңгейі облыс бойынша 4,1% Семей қаласы бойынша -4,7% құраған, деп хабрлайды Аltaynews.
Осыған орай, ШҚО-ның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Марат Исмаиловтың облыс халқы арасында COVID-19 туындаған коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың алдын алу жөніндегі одан арғы шаралар туралы № 14 қаулысы шықты.
«Шығыс Қазақстан облысының барлық аумағында шаруашылық және (немесе) өзге де қызметпен және халықтың өмір сүруінің ерекше жағдайларымен 2020 жылғы 01 шілдедегі сағат 00:00-ге дейін шектеу, оның ішінде карантиндік іс-шаралар сақталсын. Аудандар мен қалалардың әкімдері бұрын белгіленген шектеу іс- шараларын сақтасын»,- делінген қаулыда
Шектеу іс-шараларының режимі мен мерзімі коронавирустық инфекцияның таралуы бойынша жағдайдың өзгеруіне және COVID-19 сырқаттанушылықтың өсу деңгейіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін.