04.07.2025, 23:58
Жаңалықтар
Сәуірде ҰБТ-ға қатыса алмаған талапкерлерге тағы бір мүмкіндік беріледі
Қосымша тестілеу 8-10 шілде аралығында өтеді
Фото: pixabay
Ұлттық тестілеу орталығы 4-6 шілде аралығында ҰБТ-ға қатысуға өтініш қабылданатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ұлттық тестілеу орталығының мәліметінше 10-25 сәуір аралығында дәлелді себептер бойынша өтініш бермеген талапкерлерден 4-6 шілде аралығында негізгі ҰБТ-ға қатысуға өтініш қабылданады:
- денсаулық жағдайына байланысты емдеуде немесе карантинде болу (026/у медициналық анықтама болған жағдайда);
- жақын туысының қайтыс болуы (растайтын құжаттар болған жағдайда);
- республикалық және халықаралық олимпиадаларға, байқауларға және спорттық жарыстарға қатысу (№514 бұйрықтағы тізімге сәйкес);
- төтенше жағдайлар туындаған кезде.
Өтініш пен растайтын құжаттарды (+ жеке куәлік) тестіленушілер uto@testcenter.kz электронды поштасына жолдау қажет. Тестілеу 8-10 шілдеде өтеді.
Еске сала кетейік, 2025 жылғы негізгі ҰБТ-ға өтініш қабылдау 28 сәуірде аяқталды. Тестілеу 16 мамырда басталып, 7 шілдеге дейін жалғасады. Талапкерлер негізгі ҰБТ-ны екі рет тапсырып, ең үздік нәтижесімен грант конкурсына қатыса алады.
Көп оқылған
08.07.2026, 17:14
Сталкинг пе, қылмыс па: Атырауда әйел адам экс-сүйіктісінен қашамын деп өзі сотталып кетті (ВИДЕО)
08.07.2026, 15:58
Теңге нығайып келе ме: 8 шілдеге арналған доллар бағамы жарияланды
08.07.2026, 10:40
Шығын – 2 млрд теңге: Қарағанды облысында темір кенін заңсыз өндіріп, шетелге сатқандар сотталды
08.07.2026, 17:53
Астанада ММА файтері сахнада боқтаймын деп басы дауға қалды (ВИДЕО)