Астана күні мерекесінде ХҚО-лар жұмыс істей ме
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы түсініктеме берді

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі елорда күніне орай ХҚО мен арнайы ХҚО-лардың жұмыс кестесі туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Елорда күніне байланысты 7 шілде, дүйсенбі күні ХҚО-лар мен мамандандырылған ХҚО-лар жұмыс істемейді.
«Сенбі, 5 шілде күні кезекші ХҚО-лар мен МХҚО-лар үшін жұмыс күні. Бұл күндері халыққа қызмет көрсету орталықтары 9:00-ден 13:00-ге дейін қызмет көрсетеді, мамандандырылған ХҚО-ларда өтініштерді қабылдау 12:00-ге дейін жүзеге асады, ал дайын құжаттарды 13:00-ге дейін алып кетуге болады», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысының халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс күні бір сағат бұрын басталып, бір сағат бұрын аяқталады.
8 шілдеден бастап барлық халыққа қызмет көрсету орталығы әдеттегі кестеге сай қызмет көрсетеді.
Кезекші ХҚО мен мамандандырылған ХҚО-лардың тізімін Мемлекеттік корпорацияның ресми Instagram парақшасынан немесе 1414 нөмірі арқылы білуге болады.