Австралияда 56 жастағы мұғалім пышақ жарақатымен ауруханаға түскен, деп хабарлайды CNN
Австралиядағы бастауыш мектептерінің бірінде 11 жастағы оқушы қыз мұғалімін пышақтаған. Оқиға орнына келген полиция қызды ұстау үшін электр есеңгіреткіш құрал пайдалануға мәжбүр болған.
«Полиция оқушыны қамауға алды және ол дене жарақатын салғаны үшін айыпты деп танылды», деп жазады басылым.
Полиция оқушының мұғалімді жарақаттауына не итермелегенін айта алмады.