Степногорск қаласындағы жылу желілерінің жалпы ұзындығы – 123,8 шақырым
Энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары аясында Ақмола облысы Степногорск қаласының жылу жүйесіне 2,7 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Үкімет қаулысына сәйкес, бөлінген қаражат диаметрі 530 мм болатын 6,5 шақырым магистральдық жылу желілерін жедел реконструкциялауға бағытталады. Бұл желілер толық тозған, апатты жағдайға жеткен учаскелер.
Степногорск қаласындағы жылу желілерінің жалпы ұзындығы – 123,8 шақырым.
Оның ішінде магистральдық желі 1968 жылы салынған, қазіргі таңда тозу деңгейі – 84,4%.
Ұлттық «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» жобасы шеңберінде 2025-2026 жылдары қосымша 5,8 млрд теңге бөлініп, ұзындығы 9,5 шақырым, диаметрі 820 мм болатын магистральдық жылу желілері жаңартылмақ.
Бұл жұмыс жылыту маусымына уақтылы дайындалуға, апаттардың алдын алуға, тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарға жылу үздіксіз берілуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Қала халқы – шамамен 46 мың адам.
Жалпы жылу жүктемесі – 175 Гкал.