Боксшы Нұрбек Оралбай Әлем кубогы кезеңінің жартылай финалына шықты

Автор: Асыл Арман

Оның қарсыласы жарақатына байланысты шаршы алаңға шыққан жоқ

Фото: ҚБФ

Бокстан 2024 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай Астанада өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде финалға шығу үшін бақ сынайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

3 шілдеде ол 80 келіге дейінгі салмақтың ширек финалында үндістандық Лакшья Чахарамен жұдырықтасуы тиіс еді. Алайда қарсыласы жарақатына байланысты турнирден бас тартты.

Осылайша, Оралбай жартылай финалға жолдама алды.