Ол бүгінге дейін Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасын басқарған
«СҚ-Фармация» ЖШС-ның жаңа басқарма төрағасы болып Нұрлыбек Асылбеков тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«СҚ-Фармация» ЖШС-ға тағайындалғанға дейін Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасын басқарды.
Нұрлыбек Асылбеков 1966 жылы 24 маусымда дүниеге келген.
Білімі: «Провизор», «Заңгер», «Экономист» мамандықтары бойынша
Еңбек жолын 2000 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданының «Фармация» АҚ-да провизор-технолог және бас маман болып бастаған.
Содан кейін әр жылдары Астана қаласы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінде, Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитетінде, Тауарлар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау комитетінде төрағаның орынбасары лауазымдарын атқарды. Сондай-ақ ҚР ДСМ Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау Ұлттық орталығы бас директорының кеңесшісі болып жұмыс істеді.
«СҚ-Фармация» дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу бойынша Бірыңғай дистрибьюторды құру туралы шешімді Қазақстан Республикасының Үкіметі 2009 жылғы 11 ақпанда қабылдады.
Компанияға тегін медициналық көмек пен әлеуметтік медициналық сақтандырудың кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық ұйымдарға дәрі-дәрмектерді сатып алу және жеткізу бойынша бірыңғай оператор функциялары жүктелді», - делінген Денсаулық сақтау министрлігі хабарламасында.