Қарағанды облысында бір тәулікте 77 адамнан коронавирус анықталды
Облыста барлығы 1419 індет жұқтырған

12 маусымда Қарағанды облысында ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша 77 адамда COVID-19 вирусы анықталды, тіркелген жағдайлар скрининг барысында және жақын байланыста болғандарды тексеру нәтижесінде белгілді болды, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК.
«Қарағанды қ. жұқпаның – 48 жағдайы, Теміртау қ. - 4, Саран қ. - 3, Жезқазған қ. - 2, Балқаш қ. - 4, Қаражал қ. 1, Абай ауданында - 2, Бұқар жырау ауданында - 8, Шет ауданында 5 жағдай анықталды. Барлығы жұқпалы аурулар стационарына жатқызылды. Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, ем алып жатыр. Ошақтарда дезинфекциялық шаралар жүргізілді», -делінген хабарламада.
2020 жылдың 12 маусымдағы ахуал бойынша облыста 1419 жұқтыру жағдайы анықталды, оның ішінде 7 өлім жағдайы және 630 пациент жазылып шықты.