Астананың құтқарушылары қала тұрғындарын үрейге салынбауға шақырды

Автор: Алмас Ерсін

Қалалық ТЖ департаменті шындыққа жанаспайтын ақпаратты таратпауды сұрады

Фото: istockphoto.com

3 шілдеде Астанадағы «Keruen city» сауда және ойын-сауық орталығының ғимаратында өрт тактикалық оқу-жаттығу өткізіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2025 жылғы 3 шілдеде сағат 09.00-ден бастап Қорғалжын тас жолы, 1 мекенжайында орналасқан «Keruen city» сауда және ойын-сауық орталығының ғимаратында өрт тактикалық оқу-жаттығу өткізіледі», - деп жазылған хабарламада.

Осыған байланысты Астана қаласының ТЖ департаменті қала тұрғындары мен қонақтарынан аталмыш оқу-жаттығуға түсіністікпен қарап, үрейге салынбауды және шындыққа жанаспайтын ақпаратты таратпауды сұрады.

Еске сала кетейік, сәуірде ҰҚК Терроризмге қарсы орталығы Астана әуежайында «Найза – терроризмге қарсы-2025» атты терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізді. Елорда әкімдігі өткізіліп жатқан іс-шараға түсіністікпен қарауды сұрады. Іс-шараны өткізу кезінде әуе және автокөлік қозғалысы шектелмеген.