Қайрат Нұртастың Жетісайдағы концертін халық тоғыз сағат күтті (ВИДЕО)

Автор: Алмас Ерсін

Концертке алты мың адам жиналған

Фото: Instagram/kair_n

Танымал әнші Қайрат Нұртастың Жетісайдағы концерті ашлагпен өтті. Оңтүстікте жұрт сүйікті жұлдызын көру үшін алаңға тоғыз сағат бұрын жиналған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy КТК-ға сілтеме жасап.

Арасында ата, әжелер де бар. Көбі көрші ауылдардан келген. Бұған әншінің анасы Гүлзира Айдарбекова біраз алаңдаған.

«Продюсердің айтуынша, еңкейген бала мен еңбектеген қариялар күннің ыстығына қарамастан, жұлдызды таңғы 11-ден бастап күтіпті», - деп хабарлады телеарна.

Айдарбекова әншінің тыңдармандарына «алты мың көрермен — нағыз халық қолдауы» деп алғысын білдірді.

Еске сала кетейік, Астанада өткен Oyu Fest музыкалық фестивалінен кейін Қайрат Нұртастың ақ түсті Mercedes көлігін жанкүйерлер төрт жағынан қоршап алған болатын. Әнші көпшілікке ренжімей, көлігінің төбесіндегі люк арқылы шығып, жиналғандарға қол бұлғады. Желіде тараған видеода жүздеген адам телефонға түсіріп, оның есімін айқайлап шақырып тұрғаны көрінеді.