Өнім негізінен Орталық Азия мен жақын шетел мемлекеттеріне жөнелтілген
2024 жылғы қыркүйектен 2025 жылғы маусымға дейінгі аралықта 9 млн тонна жаңа астық экспортталды, бұл 2023–2024 жылдардағы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 60%-ға көп. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы ұсынған бұл деректі Ауыл шаруашылығы министрлігі жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Экспорт көлемінің айтарлықтай өсуі Қазақстан астық өнімдерінің сыртқы нарықтарда жоғары сұранысқа ие екенін және жеткізу географиясын кеңейту мен логистикалық инфрақұрылымды жаңарту бойынша қабылданған шаралардың тиімділігін растайды», - деп жазылған хабарламада.
Экспорттың негізгі бағыттары бұрынғыдай Орталық Азия мен жақын шетел мемлекеттері болып саналады:
Иран мен Әзербайжанға жеткізу көлемінің өсуі сауда-экономикалық байланыстардың кеңеюімен қатар, халықаралық көлік дәліздерінің дамуына байланысты.