Оқиға бойынша «Қарақшылық» бабымен қылмыстық іс қозғалды
Маңғыстау облысының Түпқараған ауданында 30 маусым күні кешкісін екі ер адам жеке жүргізушіге қарақшылық шабуыл жасап, көлігін тартып алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Сағат 20:30 шамасында Ақшұқыр ауылының шетінде күдіктілер жүргізуші қызметін пайдаланған. Жолда келе жатып, оған күш қолданып, қауіпсіздік белдігін мойнына қысып, ер адамды көліктен түсіріп, Hyundai Accent маркалы автокөлігін ашық түрде иемденіп кеткен», – делінген хабарламада.
Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде полиция күдіктілерді тез анықтап, ұстады. Екі ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған дерек бойынша «Қарақшылық» бабымен қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.