Үш қалада ауа сапасы нашарлайды
Еліміздің үш қаласында атмосферада зиянды заттардың шоғырлануы күшейеді. Осыған байланысты «Қазгидромет» ескерту жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Синоптиктердің мәліметінше, бұл құбылыс бірнеше ауа райы факторының тоғысуымен байланысты. Атап айтқанда, зиянды қосындылар жер бетіндегі ауа қабатында жиналып, таралмайды.
«2025 жылғы 2 шілдеде қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Жезқазған, Алматы қалаларында және түнгі уақытта Астана қаласында күтіледі», – делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.
Қолайсыз метеожағдайлар (ҚМЖ) – бұл атмосфералық құбылыстардың жиынтығы, олардың әсерінен ауадағы ластаушы заттар таралмай, қоршаған ортада жиналып қалады.
Тымық ауа райы;
Мұндай жағдайлар: