Грантқа құжат қашан қабылданатыны белгілі болды
2025–2026 оқу жылына еліміздің жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталатыны белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше 2025 жылғы 13-20 шілде аралығында талапкерлерден білім беру гранттары конкурсына, сондай-ақ ақылы негізде оқуға өтініштер қабылданады.
«Құжаттарды egov.kz порталы арқылы онлайн немесе университеттер жанындағы қабылдау орталықтары арқылы тапсыруға болады», - деп жазылған хабарламада.
Білім беру гранттары конкурсына қатысу және ақылы негізде оқуға түсу үшін ҰБТ нәтижелері бойынша келесі шекті балдар белгіленген:
Айта кету керек, жоғары оқу орындары білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу және ақылы негізде оқуға қабылдау үшін өз шекті балдарын өздері белгілеуге құқылы.
«Министрлік талапкерлерді электрондық сервистерді белсенді пайдалануға, сондай-ақ қабылдау ережелерімен, қажетті құжаттар тізімімен және құжат тапсыру мерзімдерімен мұқият танысуға шақырады», - деп жазылған талапкерлерге жолданған үндеуде.
Толығырақ ақпаратты Ғылым және жоғары білім министрлігінің және Ұлттық тестілеу орталығының ресми сайттарынан алуға болады.