Кәмелетке толмаған баланы атып, ұрып-соғып, пышақтап өлтірген
Ақтөбеде жаппай төбелеске қатысқан 10 адам сотталды. Зардап шеккендердің бірі кәмелетке толмаған бала пышақ жарақатынан көз жұмды. Тағы сегіз адам жарақат алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының мәліметінше 2024 жылғы 27 мамырда Ақтөбе қаласында айыпталушылар Н., Қ. және Д. кәмелетке толмаған інілерінің арасындағы жанжалды сылтау етіп, жәбірленуші М.-ден және басқалардан 300 000 теңге немесе iPhone 13 талап еткен. Олар бас тартқан жағдайда қару қолданып, пышақ жарақатын саламыз деп қорқытқан.
«2024 жылғы 28 мамыр күні түн ортасында «М» базарының автотұрағында айыпталушылар мен жәбірленушілер (барлығы 32 адам) кездескен. Әңгімелесу барысында сотталушылардың бірі жәбірленушілер жағына үш рет оқ атқан. Содан кейін С., С-1 және Б. есімді сотталушылар екі ВАЗ автокөлігімен қашып бара жатқан адамдарды басып өткен. Кәмелетке толмаған жәбірленуші бытыралы жарақат алып, құлаған кезде сотталушы Т. пышақпен 1–2 рет сұғып, ал Е. оның бетіне 2–3 рет жұдырықпен соққы жасаған. Осыдан кейін Н., Д. және Қ. кәмелетке толмаған жәбірленушіге өмірлік маңызды жерлеріне бірнеше пышақ жарақатын салып, қолы мен аяғының сіңірлерін кесіп жіберген. С-2 қалған жәбірленушілерді қуған. Ауыр жарақат салдарынан кәмелетке толмаған жәбірленуші қаза тапқан», - деп жазылған сот хабарламасында.
Тағы 8 жәбірленуші аяғына тиген бытыра оғынан жеңіл дене жарақатын алған.
Айып тағылған 10 сотталушының барлығы өз кінәсін мойындамады. Алайда сотталушылардың кінәсі сотта дәлелденді.
Сот үкімімен сотталушылар:
Сотталушылар С, М., Б., С-1, Е., Т. және С-2, олардың іс әрекеттерінде ҚК-нің 99-б. 2-б, 1,5,7,9,14 - тармақтарында көзделген қылмыстың құрамы болмауына байланысты ақталды.
Жәбірленушінің азаматтық талабы ішінара қанағаттандырылып, сотталғандар Н., Қ., Д.-дан, әрқайсысынан 10 000 000 теңге моральдық зиян және үлестік тәртіпте 986 384 теңге мүліктік шығын өндірілді.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.