ҰҚК жүргізген тексерістен кейін 59 шетелдік студент оқудан шығарылды
Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті Ишеналы Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университетінде шетелдік студенттерге қатысты заңбұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Комитет мәліметінше, ондаған шетелдік студент университетке ресми түрде қабылданғанымен, ел аумағында мүлде болмаған және сабақтарға қатыспаған. Соған қарамастан, олар оқу жүйесінде белсенді студенттер ретінде тіркелген.
Аталған факті бойынша Қырғыз Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес «Қызметтік жалғандық» бабымен қылмыстық іс қозғалды. Арнайы құрылған комиссия бұл заңбұзушылықтарды растап отыр.
Комиссия шешімімен университеттен 59 шетелдік студент оқудан шығарылды. Олардың ішінде:
Қазіргі уақытта университет әкімшілігі мен оқытушыларының бұл іске қаншалықты қатысы бар екені анықталып жатыр. Қырғызстан ҰҚМК тексерісті жалғастыруда.