Қаржылық тергеу білім беру ұйымындағы жемқорлықты әшкереледі
ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті елорда әкімдігіне қарасты «№81 Astana English School» халықаралық мектебінің лауазымды тұлғаларына қатысты бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Тергеу іс-шаралары Астана қаласы бойынша ҰҚК департаментімен бірлесіп жүргізілген. Нәтижесінде мектептің бұрынғы директоры мен бас бухгалтері жалпы сомасы 900 миллион теңгеден астам қаражатты жымқырғаны анықталды.
Алаяқтық жолмен алынған қаржының бір бөлігі – ата-аналардан дайындық сыныптары мен жазғы лагерьге қатысу үшін қолма-қол жиналған ақша. Бұл қаражат мекеме шотына түспей, жеке мақсатта жұмсалған.
Сонымен қатар, тергеу барысында шамамен 16 миллион теңге мектепте іс жүзінде жұмыс істемеген жалған қызметкерлердің атына аударылғаны анықталды. Олардың қатарында күдіктілердің жалған түрде жұмысқа орналастырған туыстары да бар.
Күдіктілер қылмыстық жолмен келген қаржыға жалпы құны 382 миллион теңге болатын мүлік сатып алған:
Сот санкциясымен бұл мүлікке тыйым салу шарасы қолданылды.
Қазіргі уақытта күдіктілер қамауға алынды. Тергеу ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы бойынша жүріп жатыр, сол себепті өзге мәліметтер жариялауға жатпайды.