$ 540.87  632.01  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Сасқалақтап қалды»: Қайрат Нұртас дүкеншіге «біртүрлі» сұрақ қойды (ВИДЕО)

Әртіс азық-түлік дүкеніне не үшін кіргенін ұмытып қалды

«Сасқалақтап қалды»: Қайрат Нұртас дүкеншіге «біртүрлі» сұрақ қойды (ВИДЕО)
Фото: Instagram/kair_n

Алакөлде демалып жүрген әнші Қайрат Нұртастың дүкеншіге қойған сұрағы жұртты күлкіге қарық қылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әртіс азық-түлік дүкеніне кіріп, не үшін келгенін ұмытып қалса керек, «Не бар сіздерде?», - деп сұраған. Осы сәттің видеосы Instagram-дағы пабликтерде таралып кетті.

Желі қолданушылары әншінің сасқалақтап қалғанын жазып жатыр.  

«Адам болған соң сасқалақтайды ғой енді», «Ол да адам ғой, періште емес», «Өте қарапайым, осы қалпыңнан тайма», - деп жазды олар.

Еске сала кетейік, Астанада өткен Oyu Fest музыкалық фестивалінен кейін Қайрат Нұртастың ақ түсті Mercedes көлігін жанкүйерлер төрт жағынан қоршап алған болатын. Әнші көпшілікке ренжімей, көлігінің төбесіндегі люк арқылы шығып, жиналғандарға қол бұлғады. Желіде тараған видеода жүздеген адам телефонға түсіріп, оның есімін айқайлап шақырып тұрғаны көрінеді.

Серіктес жаңалықтары