Іздеу жарияланған экс-судьяның қандай күдікке ілінгені белгілі болды
Іздеуде жүрген тұлғаны ұстауға ықпал ететін ақпарат ұсынған адамға сыйақы беріледі

Іздеу жарияланған экс-судья Қарлығаш Тәткеева аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Агенттік аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін 19.11.1971 жылы туған Қазақстан азаматы Қарлығаш Құрмашқызы Таткееваны іздеп жатыр», - деп жазылған хабарламада.
Іздеудегі тұлғаның орналасқан жері анықталған не орналасқан жері туралы ақпарат алынған жағдайда іздестіру бастамашысы - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне келесі телефондар арқылы хабарлауға болады:
- 1424-Call – орталық,
- 8-7172-90-92-60-кезекші бөлім,
- 8-701-972-06-05,
- 8-775-934-63-33.
«Іздеуде жүрген тұлғаны ұстауға ықпал ететін ақпарат бергені үшін сыйақы мен анонимділікке кепілдік беріледі», - деп атап өтті агенттік.
Жоғарғы соттың бұрынғы төрағасына кеңесші болған экс-судья Қарлығаш Тәткееваға қатысты іздеу 20 маусымда жарияланды. Оның суреті қылмыскерлерге іздеу жарияланатын сайтқа салынып, бірқатар мәліметтер жазылған. Іздеу Қарағанды облысы өңірінде тіркелді.
Тәткеева бұрын бірнеше инстанциядағы судья болған. Соның ішінде Қарағанды облысындағы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы, Астана қалалық сотының судьясы болып қызмет атқарған.