Оқиғаға қатысты ҚР ТЖМ түсініктеме берді
Астанада 30 жастан асқан ер адам 10-қабаттан секіріп кетпек болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ҚР ТЖМ мәліметінше, құтқарушылар қайғылы жағдайдың алдын алды.
Бүгін 112 пультіне елорданың Сарыарқа ауданында көппәтерлі тұрғын үйдің 10-қабатынан ер адам секірмек болғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнына жедел келген ТЖМ қызметкерлері пәтер ішіне кіріп, ер адамның назарын басқа жаққа аударып, жедел құтқару операциясын жүргізді.
Құтқарылған 1992 жылы туған ер адам 102 қызметінің қызметкерлеріне тапсырылды.