Алдын ала мәлімет бойынша жеңіл көлік автобусқа жол бермеген
Атырау қаласында 29 маусым күні жолаушылар автобусы мен жеңіл автокөлік соқтығысты. Төрт адам жарақат алды, олардың арасында жасөспірім де бар, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі «Ақ Жайық» басылымына сілтеме жасап.
Жол-көлік оқиғасы сағат 15:00 шамасында Уәлиханов пен Махамбет көшелерінің қиылысында, бағдаршам орнатылған жерде болған.
1982 жылы туған Hyundai Elantra көлігінің жүргізушісі солға бұрылу кезінде қарама-қарсы бағытта келе жатқан Daewoo маркалы жолаушылар автобусына жол бермей, соқтығысқан.
Атырау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты салдарынан зардап шеккендер: жеңіл көліктің екі жолаушысы, оның ішінде бір жасөспірім және автобустың бір жолаушысы зардап шекті.
Зардап шеккендер Атырау облыстық ауруханасына жеткізілді.
Қазіргі таңда жол апатына қатысты материалдар жиналып жатыр. Сот-медициналық және техникалық сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның нақты мән-жайы анықталып жатыр.