Жаңа қаржыландыру жүйесіне 988 балабақша қатысады
1 шілдеден бастап Алматы қаласында балабақшаларға ваучерлік қаржыландыру жүйесі енгізіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жаңа жүйе Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі бекіткен өңірлер бойынша кезең-кезеңімен көшу кестесіне сәйкес енгізіліп жатыр. Бұл жүйе арқылы ата-аналар мемлекеттік немесе жекеменшік балабақшаға төлем жасау үшін арнайы ваучер ала алады.
Алматы қаласында бағдарламаға:
Жалпы – 988 мектепке дейінгі ұйым.
Қатысатын мекемелердің тізімі бос орындарға байланысты жаңарып отырады.
Ата-аналар vaq.kz порталы арқылы электронды өтінім береді. Өтінім мақұлданған соң:
Жүйеге қатысатын жекеменшік балабақшалар сапа стандарттарына сәйкес келуге тиіс.
Бағдарламаның мақсаттары:
Ваучерлік қаржыландыру жүйесі алғаш рет 2023 жылы Тараз, Шымкент, Түркістан және Орал қалаларында сынақтан өтті.
2024 жылы жүйеге Астана мен Қарағанды, Семей, Өскемен, Жезқазған қалалары және Байзақ (Жамбыл облысы) мен Сарыағаш (Түркістан облысы) аудандары қосылды.
Бүгінде жүйеге 2300-ден астам балабақша қатысады, ал ваучер алған балалар саны – 276,5 мың. Жоба аясында мемлекет 27 млрд теңге үнемдеген.