Жарыс Солтүстік Македонияда өтті
Қазақстандық жас математиктер Балқан олимпиадасында тарихи жетістікке жетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, Солтүстік Македонияда өткен Балқан жасөспірімдер математика олимпиадасында (JBMO)Қазақстан құрамасы ел тарихындағы ең үздік нәтижеге қол жеткізді.
Құрама нәтижесі:
Алтын иегерлері:
Күміс жүлде иесі:
Оқушылардың дайындық процесіне Талдықорған қаласындағы НЗМ-нің мұғалімі Сергей Полянских пен «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының әдіскері Перизат Саутбекова жетекшілік етті. Олар олимпиадашылардың әлеуетін ашуға үлкен үлес қосты.
«Бұл — ел тарихындағы ең жоғары нәтиже. Балалар еліміздің намысын абыроймен қорғады. Әр жүлде — зор еңбек пен ұлт болашағына деген сенімнің көрінісі», – делінген ҚР Оқу-ағарту министрлігінің хабарламасында.
Балқан жасөспірімдер математика олимпиадасы – 16 жасқа дейінгі оқушылар арасында жыл сайын өтетін беделді халықаралық жарыс. Олимпиадаға Балқан елдерімен қатар басқа мемлекеттер де қонақ ретінде қатысады.
Қазақстан бұл жарысқа 2004 жылдан бері қатысып келеді және үнемі көшбасшылар қатарынан көрінеді. 2023 жылы Анталияда өткен JBMO-да да 6 медаль жеңіп алған.