«Болды, бәрін тоқтаттым»: Төреғали Төреәлі аяқ астынан тосын мәлімдеме жасады

Автор: Алмас Ерсін

Бұған дейін Төреғали Төреәлі даудың ортасында қалған болатын

Фото: instagram.com/toregalitoreali

Төреғали Төреәлі аяқ астынан ешкім күтпеген мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Танымал әнші сахнадан кеткенін жария етті.

«Болды. Мен бәрін тоқтаттым. Сахна. Камера. Ән. Жарық. Келесі қадам – үнсіз», - деп жазды Төреғали Төреәлі Instagram парақшасында.

Еске сала кетейік, бұған дейін Төреғали Төреәлі даудың ортасында қалған болатын. Әншінің бейтаныс бойжеткенмен құшақтасып тұрғаны жайлы видео желіде тарап кетті.

Желі қолданушылары Төреғали Төреәлінің бұл тұрысын қатаң сынға алды.

«Өздері әйелдерін орап, жалаңаш қыздарды құшақтайды», «Өз әйелі мың есе әдемі», «Қыздың өзі жабысып жатыр. Төреш қып-қызыл болып кетті», «Осындай ұятсыздар ғой отбасы бұзатын, әйелі бар адам, қанша баласы бар, нең бар қолын ұстап, құшақтап», «Қарындасым, қарлығашым деп еркелеткен түрі», - деп жазды желі қолданушылары.