Қаладағы жылу желілерінің тозуы 48%-ды құрайды
Арқалық қаласында жылу желілерін жаңарту жұмыстары жалғасып жатыр. Қазақстан Үкіметі бұл мақсатқа 250 миллион теңге бөлді. Қаржы қаланың жылу инфрақұрылымын жаңғырту бойынша екінші кезеңнің жұмысын аяқтауға жұмсалмақ, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазіргі таңда Арқалықтағы жылу желілерінің тозуы 48%-ды құрайды, ал кей учаскелерде бұл көрсеткіш 82%-ға дейін жеткен. Бұл жылу маусымында жылудың 29%-ына дейін жоғалуына әкеліп отыр. Қаладағы жалпы жылу желілерінің ұзындығы – 34,7 шақырым, олардың басым бөлігі 1990 жылдары пайдалануға берілген.
Қаланың орталық жылу электр орталығы (ЖЭО):
2023 жылдан бастап қалада ЖЭО мен жылу желілерін жаңарту жобасының екінші кезеңііске асуда. Қазірдің өзінде:
Арқалықта жылу жабдықтары мен электр желілеріне күрделі жөндеу аяқталды. 2025 жылы қалада:
Маусым айында «Астана – Жантеке – Егіндікөл – Арқалық – Торғай – Ырғыз» бағыты бойынша жаңа автожол құрылысы басталды. Бұл 865 шақырымдық «Орталық – Батыс» дәлізінің бір бөлігі болмақ.
«Жасыл энергетика» жобалары мен Арқалық әуежайын қалпына келтіру бастамалары да аймақты дамытуда маңызды рөл атқарады», – делінген Үкімет хабарламасында.