$ 538.03  629.23  6.74
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Ертіс» футбол клубына төл шәкірті қайта оралды

Ол «Астана» футбол командасынан ауысып келді

«Ертіс» футбол клубына төл шәкірті қайта оралды
Фото: «Ертіс» ФК

«Астана» футбол клубы мен Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Арман Кеңесов туған қаласы Павлодардағы «Ертіс» клубына қайта оралды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Арман өзінің кәсіби жолын бастаған клубқа қайта оралып, «Ертістің» қайта өрлеуіне үлес қоспақ.

«Ертіс» қазір бірінші лигада өнер көрсетіп жүр, сол сияқты премьер-лигаға жолдама алу үшін күрес жүргізіп жатыр. Кеңесовтің келуі команда үшін үлкен серпін болмақ.

Арман карьерасын дәл осы «Ертіс» құрамында бастаған. Кейін ресейлік СКА-Хабаровск клубында тәжірибе жинады. Сондай-ақ, «Қайсар» және «Ақтөбе» клубтарының белді ойыншысы болды.

Қазақстан премьер-лигасында жалпы 114 матч өткізіп, 13 гол соғып, 4 нәтижелі пас берген. Ұлттық құрама сапында 4 матч өткізген.

Айта кетейік, «Ертіс» клубы 2020 жылы банкрот болғаннан кейін, қайта қалпына келтіру кезеңінде біріншілердің бірі болып, Арман Кеңесов өзге ойыншылармен бірге клуб алдындағы қарызын кешірген болатын.

Серіктес жаңалықтары