Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында өңірлік іс-шара ұйымдастырылды
Алматы облысында жыл басынан бері 1 тоннадан астам есірткі тәркіленді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
2025 жылы облыс бойынша есірткі мен психотроптық заттарды тәркілеу көлемі 361%-ға артты – 239 кг-нан 1 104 кг-ға дейін.
Оның ішінде:
2025 жылдың мамыр айында Талғар ауданында өндірістік ауқымдағы есірткі лабораториясы жойылып, 8 тонна прекурсор, 135 кг дайын өнім (a-PvP немесе «скорость») тәркіленді. Бұл – 200 мыңнан астам дозаны құрайды. Қара нарықтағы құны – шамамен 3 миллиард теңге
Бас прокуратураның тапсырмасына сәйкес, 850-ден астам есірткімен байланысты банктік есепшоттар бұғатталып, арестке алынды. Жалпы сомасы – 86 миллион теңге.