Газ құю бекеттерінде газ жоқ немесе талонмен беріледі
Орал қаласында сұйытылған газ тапшылығы қайтадан байқалып отыр. Кейбір автогаз құю бекеттерінде мүлде отын жоқ, ал кейбірінде газ тек талонмен беріледі. Бұл жағдай азаматтар арасында дүрбелең туғызып, ұзын-сонар кезектерге әкеліп отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі «Мой город» басылымына сілтеме жасап.
Батыс Қазақстан облысының Энергетика және ТКШ басқармасының мәліметінше, Павлодар мұнай-химия зауытында жоспарлы жөндеу жүргізіліп жатқандықтан, газ жеткізу кестесі өзгертілген.
Осыған байланысты Энергетика министрлігі өңірлер бойынша газ көлемдерін қайта бөлген.
Облыс маусым айына жоспарланған 3 545 тонна газды толығымен алды. Бұл көлем «Жайықмұнай» ЖШС-ның ресурстары есебінен қамтамасыз етілді.
Алайда қазіргі тапшылықты жабу мақсатында қосымша көлемдер бөлініп отыр:
Бұл партиялар жақын күндері жеткізіледі деп жоспарланып отыр.
Облыстық басқарма басшысы Мирас Мұлқайдың айтуынша, өңірге тағы 256 тонна газ тиелген жеті вагон жіберілген. Бұл көлем де жақын арада Оралға жетеді.
Жергілікті билік өкілдері жағдайды толық бақылауға алғанын және жақын күндері сұйытылған газ тапшылығы шешілетінін мәлімдеді.