Екеуі де жағадан 80 метр қашықтыққа ұзап кеткен
Қонаев қаласындағы Қапшағай су қоймасында шомылып жүрген екі баланы құтқарушылар дер кезінде құтқарып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
2025 жылдың 26 маусымында 7-ші қалалық жағажайда патруль жүргізу кезінде Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері жағалаудан шамамен 80 метр қашықтықта қауіпсіз аймақтан асып кеткен екі баланы байқап қалды. Олар өз бетімен жағаға қайта жүзе алмай жатқан.
Құтқарылғандар – 2012 және 2009 жылы туған балалар.
Құтқарушылар оқиға орнына дереу жетіп, арнайы құтқару жабдықтары мен жүзу құралдарының көмегімен балаларды жағаға дін аман алып шықты.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі ата-аналар мен демалушыларға суда қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ескертеді:
Айта кетейік, жуырда Алматыдағы Сайран көлінде бір күнде екі адам суға батып кеткен болатын.