Алматыда туған баласын өлтірген адам шетел азаматы болып шықты

Автор: Azattyq Rýhy

Алматы қонақүйінде 1,5 жасар сәбиді өлтірген адам Ұлыбритания азаматы болып шықты, деп хабарлайды sputniknews.kz

Фото: ашық дереккөзден

Алматыдағы қонақүйлердің бірінде өзінің бір жарым жасар қызын өлтірді деген күдікпен ұсталған Ұлыбритания азаматы екі айға қамауға алынды. Мамандандырылған ауданаралық тергеу соты қылмыстық кодекстің 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша күдікті Ұлыбритания азаматын екі айға қамау туралы шешім қабылдады. Кінәлі азамат бұл бап бойынша 15-20 жылға немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Ұлыбритания елшілігі бұл жағдайға қатысты пікір білдірді.

«Біз Алматыдағы британиялық сәбидің өлімі мен Ұлыбритания азаматының тұтқындалуына байланысты полициямен тұрақты байланыстамыз», - деді елшіліктің коммуникациялар бөлімінің мамандары.

Еске салсақ, жантүршігерлік оқиға 24 қазан күні таңертең болды. Алматыда ер адам туған баласын ұрып өлтірді.