Бейсенбі күні Қазақстанда ауа райы қандай болады

Автор: Мөлдір Қазыбай

Синоптиктер болжамы жарияланды

Фото: Freepik.com

Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр, бұршақ жауады, найзағай ойнап, боран соғады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алматыда найзағай күтіледі.

Шымкент пен Түркістанда 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғып, өрт қаупі өте жоғары болады деп болжанып отыр.

Қонаев, Ақтөбе, Атырау, Семей, Қарағанды, Жезқазған және Өскемен қалаларында найзағай, бұршақ болуы және 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғуы мүмкін.

Талдықорғанда, сондай-ақ Алматы, Түркістан, Атырау және Жетісу облыстарында найзағай, күшті жел күтіледі. Сол сияқты өрт қаупінің деңгейі жоғары болады.

Ақмола, Ұлытау, Қарағанды, Ақтөбе, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл, қатты жел және төтенше өрт қаупі күтіледі.