ІІМ блогерлер мен пранкерлерге үндеу жасады
Azattyq Rýhy редакциясы әлеуметтік желіде хайп қуып, қоғамдағы қатігез пранктар туралы үнемі бірінші болып жазып, құзырлы органдарға сигнал жіберіп отырады. Астанада тұрғын үйдің лифтісіне «мәйіт» алып кірген блогерлер мен Алматыда көше сыпыратын әйелдерге пранк ұстаған блогерлер туралы да алғашқылардың бірі болып жазып, полиция департаменттеріне сұрау салған едік. Бүгін ішкі істер министрлігі жыл басынан бері жалпы осындай 24 орынсыз пранк жасаған блогердің ұсталғанын мәлімдеп отыр.
Министрлік соңғы уақытта интернет желісінде қауіпті трюктер мен пранк видеоларының күрт көбейгеніне алаңдаушылық білдірді. Мұндай әрекеттердің мақсаты – қаралым мен танымалдық қуалау. Алайда, бұл әзіл-қалжың мен көңіл көтерудің шегінен асып түсіп, қоғамға зиян келтіруде.
«Авторлар ешкімге зиян келтірмейтін контенттің орнына – агрессия, арандату, зорлық-зомбылық көрсетуде», – делінген ресми мәлімдемеде.
Жыл басынан бері осындай оқиғалар бойынша 24 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Министрлік нақты мысалдар келтірді:
ІІМ мұндай контент түрлерін «өнер» немесе «еркін шығармашылық» емес, керісінше заң бұзушылық деп есептейді.
«Қоғамдық тәртіпті бұзып, дүрбелең туғызатын, адамның ар-намысын қорлайтын әрекеттер үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған», – деді министрлік ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.
ІІМ пранк авторларына және қатысушыларға мынадай ескерту жасады:
«Өмірде де, интернетте де – адамдардың қауіпсіздігі мен сезімін құрметтеңіздер», - дейді полиция қызметкерлері.
Айта кетейік, көше сыпыратын әйелге пранк жасаған блогер қамауға алынғаны хабарланған болатын.