«Тәуелсіздігіне 50 жыл»: Қазақстан президенті Мозамбик елін құттықтады

Автор: Мөлдір Қазыбай

Мозамбик елінің тәуелсіздігіне 50 жыл толды

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мозамбик Республикасының президенті Даниэл Шапуға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қасым-Жомарт Тоқаев Даниэл Шапу мен оның отандастарын Мозамбик Республикасының тәуелсіздігіне 50 жыл толуымен құттықтады.

«Осынау тарихи күн халқыңыздың бірлігі мен жасампаздығының айқын нышаны, мемлекеттілік пен тұрақты дамудың мызғымас тұғыры ретінде ерекше мәнге ие. Еліңіз тәуелсіздік құндылықтарын ту етіп, алдағы уақытта да биік мақсат-мұратқа жете беруіне тілектеспін», – деп жазылған жеделхатта.

Президент Қазақстан мен Мозамбик арасындағы достық қарым-қатынас одан әрі дами беретініне сенім білдірді.

Айта кетейік, Мозамбик 1975 жылғы 25 маусымда Португалиядан тәуелсіздігін алған. 2025 жылы ел өз егемендігінің 50 жылдығын атап өтеді. Бұл ел Үні мұхитының жағасында орналасқан. 2023 жылғы санақ бойынша алқының саны – 33,6 млн.

Қазақстан мен Мозамбик дипломатиялық қатынастарды өзара құрмет пен серіктестікті кеңейтуге деген ортақ ниетке негіздей отырып дамытып келеді, әсіресе халықаралық ұйымдар аясында.