Біржанов заң жобасы 60 күннен кейін өз күшіне енетінін айтты
Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов қыркүйектен бастап тұлғалар арасындағы банк аударымдары тексеріле бастайтынын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Мобильді ақша аударымдарды тексеру бүгін қабылданған заң жобасынан кейін іске асырылмақ. Біржанов заң жобасы 60 күннен кейін өз күшіне енетінін айтты.
«Егер де анасы баласына, әкесіне, ағасына ақша жіберетін болса, ешқандай мәселе жоқ. Ақша көлемі 1-2 млн теңге болса да, сұрақтар туындамайды. Ал егер әртүрлі 100 жеке тұлға үш ай қатарынан бір адамға ақша аударатын болса және сома 1 млн теңгеден асатын болса, онда тексеруге ілігеді», – деді вице-министр Мәжіліс кулуарында.
Мәжілістің жалпы отырысында Сенаттың Салық кодексіне енгізген өзгертулері мақұлданды. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат, «AMANAT» фракциясының мүшесі, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Берік Бейсенғалиев осы туралы баяндама жасады.