70,9 мың гектар жер үкіметке қайтарылған
Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Қайрат Балабиев партияның «Жер аманаты» жобасы аясында 2022 жылдан бері 10,8 миллион гектардан астам ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер мемлекет меншігіне қайтарылғанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оның ішінде 3 миллион гектарға жуығы азаматтар арасында қайта бөлінді.
2024 жылы Түркістан облысында ғана 70,9 мың гектар пайдаланылмай жатқан жер мемлекет меншігіне өткен. Алайда, бұл өңірде жайылым тапшылығы өзекті мәселе болып қалған.
Облыста 8,8 млн гектардан астам жайылым болса да, олардың едәуір бөлігі басқа мақсатта пайдаланылып жатыр.
Депутат Балабиевтің айтуынша, бұл – жердің заңсыз жекешелендірілуі, мақсатсыз пайдаланылуы және жайылымдарды демалыс аймақтарына айналдыру нәтижесінде орын алып отыр.
«Жайылым тапшылығы ауылдық жерлерде әлеуметтік шиеленіс туғызатын өзекті мәселеге айналды», – деді депутат Қайрат Балабиев Үкіметке жолдаған депутаттық сауалында.
2025 жылдың басындағы деректерге сәйкес, Түркістан облысында:
Осы өңірден Қазақстаннан экспортталатын сиыр етінің 80 пайызы, қой етінің 75 пайызыжеткізіледі. Бұл көрсеткіштер ел экономикасындағы маңызды үлесті айғақтайды.
Алайда, Ет одағы деректері бойынша, 2025 жылы мал басының 25%-ға қысқаруы нәтижесінде ет бағасы күрт өскен.
Жайылым мәселесін шешу үшін депутат Қайрат Балабиев Үкіметке келесі ұсыныстарын жеткізді: