Қаржаубай Нұрымовтың заңгері Мейірман Шекеев хабардар етті
Марқұм Шерзат Полатты өлтірген қылмыскерлер сот үкіміне шағым түсірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Олардың аппеляциялық шағымына қатысты мәліметті Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовтың заңгері Мейірман Шекеев мәлім етті.
«Апелляциялық шағымға қатысты, 21 маусым күні түсті. Сотталушылар өздерінің қолына үкімді алған күннен бастап 15 тәулік ішінде шағым түсіруге құқылы. Қазіргі уақытта сотталушылардың өздерінен және қорғаушыларынан, нақтырақ айтқанда Белғожаев пен Думан Ысқақтан басқасының бәрінен апелляциялық шағым түскен. Осыған байланысты болашақта соттың қаралу күні қай күнге қойылғаны жайлы хабардар етеміз.
Дәрігерге қатысты сот сараптамасы тағайындалды. Оған қатысты да қандай шешім шыққанын хабардар етемін», - деді Мейірман Шекеев.
Айта кетейік, Талғарда 4 қазанға қараған түні 16 жастағы Шерзат Полатты бір топ жігіт жабылып, ұрып, пышақтап, өлтіріп кеткен. Жуырда қылмыскерлерге қатысты сот үкімі жарияланды.
Думан Ысқақ (кәмелетке толмаған) – 434-бап (ауыр қылмыс туралы хабарламау) бойынша 1 жыл 6 айға сотталды.