Қызметкерге қатысты сот шешім шығарды
Шығыс Қазақстан облысында электромонтер ретінде жұмыс істеген азамат қызметтік міндеттерін атқару кезінде ауыр өндірістік жарақат алды. Сот шешімімен жұмыс беруші оған барлық шығынды төлейтін болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстық соттың мәліметінше, ол төртінші разрядтағы электромонтер болып жұмыс істеп жүрген. Жұмыс барысындағы оқыс оқиға салдарынан денесінің 20%-ын қамтыған I-III дәрежелі термиялық күйік алды.
Жарақат алған азамат дереу ауруханаға жеткізіліп, ұзақ уақыт бойы ем қабылдады, сонымен қатар тері трансплантациясы бойынша күрделі операциядан өтті. Одан бөлек, ол жеке клиникаларға жүгініп, қажетті дәрі-дәрмектерді өз қаражатына сатып алған.
Сот тергеу барысында оқиға болған сәтте жұмыс беруші тарапынан қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарты болмағаны анықталды. Бұл шарт тек 2024 жылдың 7 қазанында, оқиғадан кейін ғана жасалған.
Риддер қалалық соты азаматтың емделуіне кеткен шығындардың құжатпен дәлелденген бөлігін жұмыс берушіге толық өтеуді міндеттеді.
Сот ауыр дене жарақаты, моральдық және психологиялық зардапты ескере отырып, жұмыс берушіні 3 миллион теңге көлемінде моральдық зиян өтемақысын төлеуге міндеттеді.
Аталған шешім заңды күшіне енді. Бұл оқиға жұмыс орнындағы қауіпсіздік пен сақтандыру жауапкершілігінің маңыздылығын тағы бір дәлелдеді.