25 маусымға арналған ауа райы болжамы жарияланды

Автор: Мөлдір Қазыбай

Синоптиктер еліміздің біраз бөлігінде жаңбыр жауатыны туралы болжам жасады

Фото: pixabay.com

«Қазгидромет» РМК 25 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Астана: түнде және таңертең найзағай болады. Күндіз солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-18 м/с дейін жетеді.

СҚО: түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік бөлігінде өрт қаупі жоғары болып қала береді.

Қостанай облысы: түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік пен оңтүстік бөліктерінде өрт қаупі өте жоғары.

Қарағанды облысы: кейде қатты жаңбыр, бұршақ, күндіз дауыл күтіледі. Өңірдің батысы, шығысы және оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағандыда күндіз найзағай мен бұршақ күтіледі.

Ұлытау облысы: облыстың солтүстігінде күндіз кейде қатты жаңбыр жауады. Солтүстік, оңтүстік және орталық бөліктерінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Күндіз жел солтүстік-шығыстан 15-20 м/с дейін күшейеді.

Павлодар облысы: түнде қатты жаңбыр жауады. Оңтүстік бөлігінде найзағай, күндіз бұршақ пен дауыл болады. Жел оңтүстік пен шығыста 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысы: найзағай, бұршақ және дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып, 23-28 м/с дейін күшейеді. Өрт қаупі өте жоғары.

Абай облысы: Батыс, солтүстік және шығыс бөліктерінде найзағай, күндіз бұршақ пен дауыл күтіледі. Жел батыс, солтүстік және орталықта 23-28 м/с дейін күшейеді.

Ақтөбе облысы: қатты жаңбыр мен бұршақ күтіледі. Жел оңтүстікте және орталықта 15-20 м/с, екпіні 23 м/с. Өрт қаупі өте жоғары.

Атырау облысы: түнде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл болады. Жел батыстан соғып, солтүстікте екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Маңғыстау облысы: найзағай, бұршақ болады. Жел солтүстік-батыстан соғып, екпіні 15-18 м/с жетеді. Облыстың солтүстік-шығысы мен орталығында өрт қаупі өте жоғары.

Батыс Қазақстан облысы: түнде найзағай, күндіз бұршақ, дауыл болады. Жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Алматы облысы: желдің екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-37°C ыстық. Алматыда – 36°C, Қонаевта – 35-37°C ыстық.

Жетісу облысы: орталығы мен таулы аудандарда найзағай ойнайды. Жел екпіні – 15-20 м/с. Күндіз 35-39°C ыстық. Талдықорғанда күндіз найзағай, 36°C ыстық.

Қызылорда облысы: найзағай, дауыл, күндіз шаңды дауыл болады. Жел 23-28 м/с дейін күшейеді. Қызылордада найзағай, бұршақ, дауыл мен шаңды дауыл күтіледі.

Жамбыл облысы: таулы аудандарда найзағай. Жел 15-20 м/с. Күндіз 38°C ыстық. Таразда өрт қаупі өте жоғары.

Түркістан облысы: таулы аудандарда найзағай. Солтүстік пен батыста күндіз шаңды дауыл. Күндіз 41°C дейін ыстық.