Бас прокурор Қазақстандағы ахуалдан хабардар етті
Бас прокурор Берік Асылов президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдында жасаған баяндамасында Қазақстандағы қылмыс деңгейі, әлемдік рейтинг, ұрланған активтерді қайтару мәселесі жайлы мәлімет берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Кеше құқық қорғау органдарының кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысына жасаған баяндамамнан. Қазақстан әділеттілікке, заң үстемдігіне және тәртіпке негізделген даму жолымен сенімді ілгерілеп келеді. Конституциялық өзгерістер прокуратураның құқық қорғау әлеуетін күшейтті. Құқық қорғау органдары жазалаушы тәсілден профилактика қағидатына көшті», - дейді бас прокурор.
Ол өз жазбасында Қазақстандағы оң өзгерістерді жариялады.
Соңғы жылдары Қазақстанда қылмыс деңгейі айтарлықтай азайды.
Қылмыстық индекс бойынша Қазақстан әлемдік тізімде 60 сатыға көтерілді. Бұл – елдегі тұрақтылық пен реформаларға халық сенімінің артқанын білдіреді.
2 млн адамның әлеуметтік құқығы қалпына келтірілді;
770 млрд теңге бюджетке қайтарылды. Осы қаражат есебінен 300-ден астам мектеп, аурухана, спорт нысаны салынып жатыр, 2 млн-ға жуық адам ауыз сумен қамтамасыз етіледі.
Прокуратура бұл қаржының мақсатты жұмсалуын бақылайды
5,3 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды;
1 300-ден астам инвесторға көмек көрсетілді
Инвесторларға қарсы азаматтық істер саны – 25%-ға,
Қылмыстық істердің 95%-ы электронды түрде тергеледі;
«Цифрлық қадағалау» және ЖИ технологиялары арқылы;
Халықаралық фейк-колл орталықтар жойылып жатыр;