Қазақстан халқы жыл өткен сайын қартайып бара жатыр – статистика

Автор: Мөлдір Қазыбай

Орташа жас бес жылда артты

Фото: istockphoto.com

2024 жылдың басындағы ресми деректерге сәйкес, Қазақстан халқының орташа жасы 32,3 жасқа жетті. Бұл көрсеткіш соңғы бес жылда 31,9 жастан өсіп отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы Қазақстан халқының орташа жасына қатысты мәлімет жариялады.

Ерлер мен әйелдер арасындағы айырмашылық

  • Ерлердің орташа жасы – 30,7 жас;
  • Әйелдердің орташа жасы – 33,9 жас.

Яғни, әйелдердің орташа жасы ерлермен салыстырғанда едәуір жоғары.

Өңірлер бойынша айырмашылықтар

  • Ең жас өңір – Түркістан облысы: орташа жас – 27,7;
  • Одан кейін Маңғыстау облысы және Шымкент қаласы – 27,8 жас.

Ең үлкен орташа жас:

  • Солтүстік Қазақстан облысы – 39,2 жас;
  • Шығыс Қазақстан облысы – 38,9 жас;
  • Қостанай облысы – 38 жас.

Қалалықтар ауыл тұрғындарынан ересек

  • Қала халқының орташа жасы – 32,7 жас;
  • Ауыл тұрғындарының орташа жасы – 31,7 жас.