Президент шетелдік топ-менеджерлермен кездесті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік инвесторлармен кездесуде бірқатар мәселені көтерді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қасым-Жомарт Тоқаев Citi банктің клиенттермен жұмыс жөніндегі бас атқарушы директоры Дэвид Ливингстонмен кездесуде аталған қаржы ұйымының 30 жылдан аса уақыттан бері еліміздің сенімді серіктесіне айналғанына назар аударды.
Президент Сiti банктің стратегиялық инфрақұрылымдық жобаларға атсалысуы маңызды екенін айтты. Сондай-ақ оның шағын және орта бизнесті одан әрі қолдау жоспарын іске асыру Қазақстан экономикасын әртараптандыруға ықпал ететінін жеткізді.
Швейцариялық Glencore компаниясының бас директоры Гэри Нейглмен кездесуде жергілікті мазмұнды ұлғайту бойынша ынтымақтастықтың басым бағыттары қарастырылды, тау-кен металлургиясы мен энергетика салаларындағы бірлескен жобаларды одан әрі жүзеге асыру жоспары талқыланды.
Glencore «Қазцинк» тау-кен компаниясының акциялар пакетіне иелік етеді. Компания құрамындағы кәсіпорындар Шығыс Қазақстан, Ақмола және Ұлытау облыстарында орналасқан.