Үндістанның оңтүстігіндегі Тамил Наду штатында 2 жасар бала тереңдігі 180 метр құдыққа түсіп кеткен, деп хабарлайды ВВС
Көшеде көршілерінің балаларымен ойнап жүрген Суджит Уилсон есімді екі жасар бала тереңдігі 180 метр болатын құдыққа түсіп кеткен. Ол құдықтың түбіне жетпей, он метрдей жерде ілініп қалған. Енсіз құдыққа ересек адам түсе алмайтындықтан, құтқарушылар баланы үш күннен бері шығара алмай жатыр.
Құтқарушылар құдықтың ішіне ауа жіберген. Дегенмен, ауа бала тұрған тереңдікке жетпегендіктен, құтқарушылар тағы бір құдық қазып жатыр.
Баланың анасы алдымен қапшық тігіп, баласын «аулап» алмақшы болған, сонымен қатар өзі де құдыққа түсуге әрекеттенген. Бірақ онысынан еш нәтиже шықпаған.