Қазақстанда «Заң мен Тәртіп» жаңа цифрлық сервисі іске қосылды
Қазақстандықтар қылмыс болғанын енді Egov Mobile немесе банк қосымшалары арқылы хабарлай алады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ҚР ІІМ мәліметінше, «Заң мен Тәртіп» атты жаңа цифрлық қызметі іске қосылды.
Енді азаматтар құқық бұзушылықтар туралы мәліметті Egov Mobile қосымшасы арқылы тікелей полицияға жолдай алады. Қосымшаның басты бетіне арнайы «Заң мен Тәртіп» түймесі орналастырылған. Бұл – қоғам қауіпсіздігін арттыруға бағытталған нақты қадам.
Жаңа қызмет арқылы төмендегі жағдайлар туралы жедел хабарлама жіберуге мүмкіндік бар:
Жіберілген өтініш бірден полицияға түседі және құқық қорғау органдары дер кезінде әрекет етеді.
Министрліктің мәліметінше, «Заң мен Тәртіп» түймесі кейбір банк қосымшаларына да интеграцияланған. Бұл шешім сервисті кең аудиторияға қолжетімді етуге бағытталған. Цифрлық шешім ІІМ-нің жүргізіп отырған ауқымды цифрландыру бағдарламасының бір бөлігі болып табылады.
«Заң мен Тәртіп» қызметі 24/7 режимінде, яғни тәулік бойы және апта бойы үзіліссіз жұмыс істейді. Өтініштер Қазақстанның барлық аймағында қабылданады. Жобаның басты мақсаты – полиция мен азаматтар арасындағы байланысты күшейтіп, көмекке жүгіну процесін барынша жеңілдету және жеделдету.