Іздеу жұмысына 176 адам жұмылдырылды
Шығыс Қазақстан облысының Боран ауылы маңындағы Қара Ертіс өзенінде 21 маусым күні қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Суға шомылуға тыйым салынған орында 2007 жылы туған жасөспірім суға батып кетті.
Жасөспірімді құтқаруға тырысқан 33 және 34 жастағы екі ер адам ағыстың күшіне шыдай алмай, өздері де суға кетті. Үшеуі де бірінен кейін бірі батып кеткен.
Оқиға орны мен ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінде жедел штаб құрылып, іздестіру-құтқару жұмыстары бірден басталды.
Қазіргі уақытта (23 маусымдағы жағдай бойынша) 2007 және 1991 жылы туған екі адамның денесі табылған. Тағы бір адамның мәйіті іздестірілуде.
Іздестіру-құтқару операциясына ШҚО және Абай облыстарының құтқарушылары, полиция қызметкерлері, еріктілер, жергілікті атқарушы органдар мен шекара қызметі жұмылдырылған.
Жұмылдырылғандар:
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға арнайы белгіленбеген, тыйым салынған орындарда суға түспеуге шақырады. Мұндай жағдайлар қайғылы оқиғаларға себеп болуы мүмкін.