Зілзаланың ошағы қайда орналасқаны анықталды
Сейсмологтар Абай облысында 4 балдық жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2025 жылғы 23 маусымда, Астана уақытымен 01:23-те жер сілкінісін тіркеді.
Зілзаланың ошағы Алматы қаласынан 568 шақырым солтүстік-шығыс бағытта, Қазақстан аумағында орналасқан.
Ал Ұлттық ядролық орталықтың Геофизикалық зерттеулер институты жанындағы Қазақстандық ұлттық деректер орталығының мәліметіне сәйкес, жерасты дүмпуі Абай облысындағы Үржар қаласынан солтүстік-батысқа қарай 30 шақырым жерде болған.
Бұл оқиға бойынша зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы ақпарат әзірге жарияланған жоқ.