Астанада 13-қабаттан секірмек болған жасөспірімді өрт сөндіруші құтқарып қалды

Автор: Мөлдір Қазыбай

Оқыс оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр

Фото: istockphoto.com

Астананың Байқоңыр ауданында көпқабатты үйлердің бірінде қайғылы жағдайдың алды алынды. Бұл туралы Azattyq Rýhy ҚР ТЖМ Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Құтқарушы демалыс күнінде ерлік жасады

№12 өрт сөндіру бөлімінің кіші инспекторы Аяз Темешов  демалыс күнінде 13-қабаттағы баспалдақ алаңында балкон жақтауында отырған қызды байқап қалады.

Ол қыздың өзіне қол жұмсамақ ниеті барын сезіпеш кідірместен жанына барыпсүйеніштен түсіріп алған.

Қыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етті

Аяз Темешов 2009 жылы туған қыздың психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етіпполиция келгенше жанында болған. Кейін оны құқық қорғау органдарына тапсырды.

Оқиғаның мән-жайын полиция анықтап жатыр.