Құтқарушылар көмекке жылдам жетті
Түркістан облысының Жетісай қаласында 1959 жылы туған әйел адам суару арнасына құлап кетіп, ағыспен ағып кете кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы ақпарат 112 пультіне келіп түсті, деп мәлім етті ТЖМ баспасөз қызметі.
Куәгерлер оқиғаны көріп, дереу құтқару қызметіне хабарлаған. Құтқарушылар оперативті түрде оқиға орнына жетіп, әйелді аман-есен судан шығарып алды.
Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Зардап шеккен әйелдің ұлы құтқарушыларға шексіз ризашылығын білдірді.