Бұғазды жабу мәселесі соңғы сатысында тұр
Иран Парламенті стратегиялық маңызы жоғары Ормуз бұғазын жабу туралы шешімді мақұлдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі Breaking News басылымына сілтеме жасап.
Бұғаз арқылы әлемдік мұнай мен газдың 25-30%-ы тасымалданады
Ормуз бұғазы – әлемдік энергия тасымалы үшін аса маңызды теңіз өткелі.
«Жер шары бойынша тұтынылатын мұнай мен газдың шамамен 25-30%-ы дәл осы бұғаз арқылы өтеді», — делінген хабарламада.
Парламент шешімі әлі Иран Ислам Республикасының Ұлттық қауіпсіздік жоғарғы кеңесінің бекітуін күтуде. Бұл орган Иранның әскери және сыртқы саясатындағы түбегейлі қадамдарды заңдастыратын соңғы инстанцияболмақ.
Иран Парламентінің депутаты, Ислам революциясы сақшылар корпусының командирі Эсмаил Коусари бұл мәселе қазіргі күн тәртібінде тұрғанын айтты.
«Қажеттілік туындаған жағдайда бұл шешім міндетті түрде жүзеге асырылады», — деді.
Ислам революциясы сақшылар корпусының теңіз күштерінің қолбасшысы, бригадалық генерал Алиреза Тангсири мәлімдеді:
«Егер Иранның егемендігіне қарсы агрессия тоқтамаса, біз Ормуз бұғазын бірнеше сағат ішінде толық жабуға дайынбыз. Елдің аумақтық тұтастығына кез келген шабуыл қатаң жауапсыз қалмайды», - деді ол.
Қазіргі жағдайдың ушығуына АҚШ-тың Иранға қарсы әскери соққысы себеп болды.
Ормуз бұғазы жабылса: